ҚР-дың Барселонадағы консулдығы испандықтар асырап алған қазақстандық балалармен кездесті

Шара Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған, деп атап өтті ҚР СІМ-нен.
ҚР-дың Барселонадағы консулы Данат Мұсаев балаларды мерекемен құттықтап, консулдық және Қазақстанда балаларды асырап алған отбасылар арасындағы үнемі байланысты сақтау үшін осындай шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Д.Мұсаев жиналғандардың назарын асырап алынған балалармен байланыс орнату және ұстап тұруды консулдықтың басымдық мәндеттерінің бірі екеніне аударды. Қазіргі уақытта Каталонияда 250-ден астам асырап алынған қазақстандық бала бар, олардың бүкіл Испания бойынша саны - 800-ге жуық.
Испания тарапынан кездесуде Институт директоры Агнес Русиьол сөз сөйледі. Ол қазақстандық балалардың білім алуға деген жақсы қабілеттілігін атап өтіп, Қазақстан консулдығына осындай шараны өткізу бастамасы үшін алғысын білдірді.