18:14, 30 Желтоқсан 2013 | GMT +5
ҚР-дың Қытайдағы елшісі Қазақстанның Хошимин қаласындағы құрметті консулына консулдық патентін табыс етті
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшісі Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасының Хошимин қаласындағы (Вьетнам) құрметті консулы Нгуен Тхань Хунгқа консулдық патентін табыс етті.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарланды.
Нгуен Тхань Хунг вьетнамдық «Sovico Holdings» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.
Н.Ермекбаев құрметті консулды осы маңызды оқиғамен құттықтап, жауапты лауазымдағы жұмысына табыстар тіледі.
Өз кезегінде Нгуен Тхань Хунг білдірген сенім үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға және дамытуға барлық күшін сарп ететініне сендірді.
Құрметті консул Қазақстанның Вьетнамдағы мүдделерін алға жылжыту, консулдық округтың аумағында Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге уәкілетті.