18:05, 18 Наурыз 2014 | GMT +5
ҚР екі ведомствосының жауапты хатшылары тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мен ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің жауапты хатшыларын тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының Өкімдерімен «А» корпусының кадрлық резервінен: Замир Садықұлы Сағынов Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне; Бек Кәрімбекұлы Арпабаев Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.