ҚР экономикасының өсімі Президент Н.Назарбаевтың сарабдал стратегиясының арқасында болып отыр - «Heenan Blaikie» корпорациясының кеңесшісі Жан Кретьен

nbsp;АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Heenan Blaikie» корпорациясының кеңесшісі, Канаданың бұрынғы премьер-министрі Жан Кретьенді қабылдады.
None
None

Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

- Қазақстан мен Канада батыс елдеріндегі жалғасып жатқан дағдарыс кезінде стратегиялық жағынан да, экономикалық табыстары жөнінде ұқсас болып отыр. ЕО мен АҚШ қазақстандық экономиканың 8 пайызға өсуіне қызыға қарайды. Бұл өсім Президент Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал экономикалық саясатының арқасында мүмкін болып отыр, - деді Ж. Кретьен.

Соңғы жаңалықтар