ҚР ЭҚСЖҚКА аумақтық департаменттерінің басшылары ауыстырылды
Сабыржанов Жанұзақ Төлегенұлы Ақтөбе облысы бойынша ЭҚСЖҚКД бастығы болып тағайындалды. Ол Бұрын Қостанай облысы бойынша ЭҚСЖҚКД бастығы лауазымын атқарған.
Бұрын Ақтөбе облысы бойынша ЭҚСЖҚКД бастығы болып жұмыс істеген Шабдар Нұрлан Амангелдіұлы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ЭСЖКД бастығы болып тағайындалды.
Ақмола облысы бойынша ЭҚСЖҚКД бастығы Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлы Жамбыл облысы бойынша ЭҚСЖҚКД ЭСЖКД бастығы болып тағайындалды, осы лауазымды уақытша атқарған Әлиханов Марат Тілеуқабылұлы Ақмола облысы бойынша ЭҚСЖҚКД ЭСЖКД бастығы болып тағайындалды.
Бұрын Алматы облысы бойынша ЭҚСЖҚКД ЭСЖКД бастығы болып жұмыс істеген Балтағұлов Айдар Ізбасарұлы Батыс Қазақстан облысы бойынша ЭСЖКД бастығы болып тағайындалды. Батыс Қазақстан облысы бойынша ЭСЖКД бұрынғы бастығы Садуақасов Талғат Бекбауұлы Алматы облысы бойынша ЭҚСЖҚКД бастығы лауазымына тағайындалды.
Маңғыстау облысы бойынша ЭҚСЖҚКД бастығының міндетін уақытша атқарған Әбілов Берік Рахатұлы осы департаменттің бастығы болып тағайындалды.