ҚР Елшілігі Шығыс халықтарының Мажарстандағы халықаралық фестивалінің құрметті төрағасы болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы іс-шараның бір ерекшелігі фестивальдің құрметті төрағасы жыл сайын сайланытындығында болып табылады. Биылғы жылы мұндай құрметке Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ие болды. Өткен жылы Жапония елшілігі төраға болған еді.
ҚР Елшілігі Қазақстан туралы тақырыптық фотокөрме ұйымдастырды. Келушілер біздің еліміздің ғажайып табиғатымен, саяси-экономикалық және мәдени өмірімен танысты.
Елшілік павильонында ҚР дипломаттары қонақтардың сан-алуан сұрақтарына жауап қайтарды, жақында Астанада болып өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезі және Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы әңгімелеп берді. Елшіліктің мажар тілінде шығарған «Қазақстандық жол», «Н.Назарбаев - ұлысаралық және конфессияаралық келісімінің қазақстандық үлгісінің негізін салушы», «Мажарларға Қазақстан туралы», «Ұлысаралық және конфессияаралық келісімінің қазақстандық үлгісі» атты кітаптар таратылып берілді.