20:29, 05 Қазан 2012 | GMT +5
ҚР Елшісі А.Хамзаев бельгиялықтардың Королі Альберт ІІ-ге сенім грамоталарын тапсырды
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Брюссельдегі Лакен Король сарайында 3 қазан күні Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алмаз Хамзаевтың бельгиялықтардың Королі Альберт ІІ-ге сенім грамоталарын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Әңгімелесу барысында қазақстандық дипломатиялық өкілдігінің жаңадан тағайындалған басшысы мен бельгиялық монарх екіжақты қазақстандық-бельгиялық қарым-қатынастардың жағдайы мен болашағын талқылады.