ҚР Елшісі Дания Парламентінің спикерімен кездесті

СТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат - Копенгагенде Қазақстан Республикасының елшісі Нұрлан Оңжанов Дания Корольдігінің Фолькетинг (Парламент) спикері Тор Педерсенмен кездесу өткізді,
None
None

деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу кезінде Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігінің арасындағы екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен келешегіне қатысты пікір алысылды.

Әңгіме үстінде елші Н.Оңжанов сұхбаттасушысына еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы жағдайы, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы, ЕҚЫҰ-ға қазақстандық төрағалықтың басымдықтары мен бағдарламалары жайлы айтып берді. ЕҚЫҰ ауқымындағы бірлескен жобалар, атап айтқанда, биылғы маусым айында Копенгаген құжатының 20 жылдығына орай мерейтойлық конференция өткізу аталып өтті.

Фолькетинг спикері біздің елдеріміз арасындағы қатынастардың қарқынды сипатын атап өтті, Дания Қазақстанның бастамаларына қолдау көрсетуге әзір екендігін білдірді және ЕҚЫҰ төрағалығында табыстар тіледі.

Соңғы жаңалықтар