08:53, 22 Қараша 2011 | GMT +5
ҚР Елшісі Иордания Қарулы Күштері штабтары бастықтары біріккен комитетінің төрағасымен кездесті
ТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - 21 қарашада ҚР елшісі Б.Сәрсенбаев Иордания Қарулы Күштері штабтары бастықтары біріккен комитетінің төрағасы генерал-лейтенант Машал әл-Забенмен кездесті, деп хабарлады ҚР сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мүмкіндігі талқыланды. Тараптар сондай-ақ алдағы 2012 жылғы мамыр айында өтетін «KADEX-2012» (Қазақстан) және «SOFEX-2012» (Иордания) көрмелеріне қатысу үшін екі елдің әскери-өнеркәсіптік кешендері кәсіпорындарының ресми делегация алмасуы талқыланды.