ҚР елшісі Иорданияның қарт саясаткеріне АӨІСШК шақырылымы бастамасының мерейтойына орай медаль табыстады

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Болат Сәрсенбаев осы елдің Парламенті Сенатының төрағасы Тахер Масримен кездесті.
None
None

Елші оған Елбасы Н.Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін шақыру туралы бастамасының 20 жылдығына арналған мерекелік медальді табыстады, деп хабарлады ИХК-гі ҚР елшілігінің баспасөз қызметі.

Т.Масри осындай жоғары марапат үшін алғыс білдіре отырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы ішкі және сыртқы саясатының арқасында Қазақстанның керемет жетістіктерге жеткенін атап өтті. Ол өзінің 2010 жылғы Астанаға сапарын, оның барысында Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумына қатысып, Елбасымен кездескенін ыстық ықыласпен еске алды.

Сенат Спикері Т.Масри Корольдіктегі ең тәжірибелі саясаткерлердің бірі. Әртүрлі жылдары ол Премьер-министр, төменгі палата төрағасы, сыртқы істер министрі, Еуропаның бірқатар елдерінде Төтенше және Өкілетті Елші лауазымдарын атқарды, сондай-ақ Конституциялық реформаларды жүргізу жөніндегі комитетті басқарды.

Соңғы жаңалықтар