ҚР Елшісі Н. Ермекбаев ҚХР СІМ-нің басшысы Ян Цзечимен кездесті

БЕЙЖІҢ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Бейжіңде ҚХР-ғы  Төтенше және Өкілетті елші Нұрлан Ермекбаев 10 мамырда осы елдің сыртқы істер министрі Ян Цзечимен кездесті.
None
None

Кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы уақыттағы ҚХР-ға ресми сапары жайы талқыланды.

Ян Цзечи жоғары және мәртебелі деңгейдегі шаралар туралы айта келе, қытай тарапы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың маусым айында болатын ресми сапарына және Бейжіңде өтетін ШЫҰ-ға мүше-елдер басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысуына, сондай-ақ ағымдағы жылдың 10-11 мамыры аралығындағы ҚР сыртқы істер министрі Е. Қазыхановтың сапарына үлкен маңыз беретіндігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар