ҚР Елшісі Сингапурда осы елдің премьер-министрі Ли Сянь Лунмен және аға министр Го Чок Тонгпен кездесті

АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев мамырдың 18-інде Сингапур Парламентінің арнайы сессиясы ашылуына қатысу барысында премьер-министр Ли Сянь Лунмен және аға министр Го Чок Тонгпен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сингапур үкіметінің басшысы жаһандық қаржы дағдарысы жағдайында Қазақстаннның экономикалық дамуына қызығушылығын білдірді. Қазақстандық дипломат ҚР Үкіметінің ұлттық экономиканы тұрақтандыру жөніндегі қолға алып жатқан шараларымен таныстырды. Ли Сянь Лун Қазақстанның Ұлттық қордың қаражаттарын пайдалануы ел экономикасы үшін жұмсартатын фактор болғанын атап өтті. Ли Сянь Лунға дейін үкімет басшысы болған аға министр Го Чок Тонг жоғары деңгейдегі байланыстардың маңызын атап өте отырып, Елбасы Н.Назарбаевтың Сингапурға және Сингапурдың алғашқы премьері Ли Куан Ю-дың Қазақстанға сапарлары жемісті болып, екі елдің ынтымақтастығына жол ашқанын атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар