ҚР Елшісі және БҰҰ бөлімшесі мен Женевада орналасқан басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкіл А.Жанқұлиев БҰҰ Еуропалық бөлімшесінің Бас директорымен кездесті

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат. Ақпанның 23-де Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі және БҰҰ бөлімшесі мен Женевада орналасқан басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Аманжол Жанқұлиев өзінің қызметінің аяқталуына орай,
None
None
БҰҰ Бас хатшысының орынбасары ? БҰҰ Еуропалық бөлімшесінің Бас директоры Сергей Орджоникидземен кездесті, деп хабарлады ҚазАқпаратқа СІМ баспасөз қызметінен. Қазақстан Елшісі БҰҰ Еуропалық бөлімшесінің Бас директоры С.Орджоникидзеге өзінің қызметі барысында көрсеткен жан-жақты қолдауы және Қазақстанға деген ыстық ықыласы үшін терең ризашылығын білдірді. Осы ретте, А.Жанқұлиев алдағы уақытта да Қазақстан мен БҰҰ арасындағы дәстүрлі ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл одан әрі тереңдей түсетініне сенімді екенін, Қазақстан тарапы бұған барынша күш жұмсайтынын атап өтті. Кездесу барасында С.Орджоникидзе Қазақстан Елшісіне Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 2-ші съезі шеңберінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаевпен болған кездесуін жылы еске ала отырып, Елбасына ең ізгі сәлемін жеткізуді өтінді. Бас директор «Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері саяси және экономикалық әлеуеті өсіп отыр және ол аймақта көшбастаушы мемлекет»,- деп атап өтті. Осы ретте, Қазақстанның Женевадағы БҰҰ жүйесіне кіретін халықаралық мекемелері шеңберіндегі іс-қимылы ерекше көзге түсетінін, бұл бағытта Астана айтарлықтай белсенділік танытуда деген оң бағасын берді. Кездесуде сұхбаттастар қазіргі әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс шеңберінде қалыптасқан жағдай жөнінде пікір алмасты. Өз кезегінде, А.Жанқұлиев Қазақстандағы жалпы жағдай және Үкімет тарапынан дағдарысқа қарсы іс-шараларға тоқталып өтті. Сұхбаттастар дағдарысқа орай әлемнің барлық түкпірінде әлеуметтік-экономикалық жағдай ушыға түскенін, атап айтқанда босқындар, халықаралық қылмыс сынды мәселелердің өзектілігі одан әрі артып отырғанын атап өтті. Әңгіме қорытындысында С.Орджоникидзе БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесі еліміздің күш-жігеріне жан-жақты қолдау көрсететініне сенімін білдіріп, А.Жанқұлиев мырзаны алдағы уақытта жоғары және жауапты жаңа қызметтерде табысқа жетуіне тілектестігін білдірді.
Соңғы жаңалықтар