17:45, 23 Қараша 2015 | GMT +5
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі кино суретшісі Ыдырыс Қарсақбаев дүние салды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 84 жасына қараған шағында Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО кинематографистер Одағының мүшесі, белгілі қоюшы суретші Ыдырыс Қарсақбаев қайтыс болды.

Ыдырыс Есенғалиұлы 1932 жылдың 2 қыркүйегінде Қостанай облысының Бурабай елді мекенінде дүниеге келген. 1959 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1962 жылы Мәскеудің Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген. Талай жылдар «Қазақфильм» киностудиясының бас суретшісі болып қызмет атқарды. «Ән қанаты», «Балалық шаққа саяхат», «Отқа орнаған Орал», «Транссібір эксперсі», «Батыр Баян» және осы секілді өзге де көпетеген фильмдердің түсірілуіне тікелей атсалысқан. 2002 жылы «Еңбек ардагері» медалімен және ҚР Президентінің құрмет грамотасымен марапатталған. 2007 жылы «Экран шебері» атағына ие болған.