ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Н. Әбдіқалықова Қызылорда облысындағы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының орындалу барысымен танысты
деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Министр еңбек нарығына сәйкес облыс экономикасына қажетті жұмысшы кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру қызметімен айналасатын «ТехМаман» ЖШС-нің оқу орталығында болды. Бүгінгі таңда осы оқу орталығында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына сәйкес 30 қатысушы қайта даярлау курстарында дәріс алып жүр.
Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіқалықова «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының аясында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы 20 адамды жұмысқа алған «Бабас» ЖШС-нің қызметімен танысты. Мекеме - ағаш өңдеу және ағаштан барлық түрдегі есік-терезе, еден тақтайларын жасау, құрылыс-монтаждау қызметімен айналысады. Бұдан кейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі арнайы киім тігу, тері өнімдері мен тері өңдеу болып табылатын «Озық» ЖШС-інде, Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығында болды.
Сапар барысында Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласының Талсуат елді мекенінде салынып жатқан халықты әлеуметтік қорғау саласының үш нысаны - 300 орындық «Жүйке аурулар интернаты», 200 орындық «Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйі», 150 орындық «Оңалту орталығы» мемлекеттік мекемелерінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.