ҚР Энергетика министрі шығысқазақстандықтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады
Өтініш берушілердің негізгі сұрақтары ТКШ, сумен қамту, көлікті баламалы жанармайға ауыстыру, медициналық мекемелерді қайта құру және т.б. қатысты болды.
Жекелей алғанда, Шығыс Қазақстан тұрғындары министрден медицина саласындағы жас мамандарға баспана бөлу мәселесін шешуге көмектесуді сұрады. Бүгінгі таңда ШҚО-да мамандардың жетіспеушілігі 157 маманды құрайды.
В.Школьник атап өткендей, жақсы маманға баспана мен жұмыс әрқашан табылады. Бірінші қалалық аурухананың аумағында жас мамандарға жағдай жасау үшін жатақхана салу бойынша дайындық жұмыстары басталды.
«Экосогласие» Қауымдастығының Президенті Татьяна Чернышова №2 қалалық аурухананы қайда жөндеу бойынша мәселе көтерді. Оның сөзіне қарағанда, емдеу мекемесі күрделі жөндеуді қажет етеді.
Бұл сұраққа облыстық денсаулық сақтау саласының өкілдері жауап берді: «№2 аурухананы жөндеу үшін 54 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражат аталған медициналық мекеменің шатырын жөндеуге жұмсалды»,- деп түсіндірді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Мұқышева.