ҚР Энергетика министрлігі ЭКСПО-2017 көрмесіне орай «Форсайт-2050» жобасын әзірлеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Энергетика министрі «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай, «Форсайт-2050: Жаңа энергия әлемі мен Қазақстанның сондағы орны» атты жобаның таныстырылымын әзірлеп жатыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумы аясында өткен «Болашақтың энергиясы: жаһандық трендтар мен технологиялар» атты сессиясы барысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.

«Біз көрме аясында «Форсайт-2050: Жаңа энергия әлемі мен Қазақстанның сондағы орны» атты жобаны таныстырғымыз келеді. ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанда ғана емес, өзге де елдерде энергия көздерін дамытуға жаңа серпін беру керек»,-деді Қ.Бозымбаев.

Оның айтуынша, министрлік әзірлеп жатқан жаңа жоба болашақтың энергиясы туралы әлемдік пікірлерді саралап, сол арқылы ұзақмерзімді стратегия әзірлеуге мүмкіндік бермек.

Соңғы жаңалықтар