ҚР ИДМ 200-ден астам инвестициялық жобаны талқылап жатыр - Ә.Исекешев

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі қазіргі таңда шағын және орта инвесторлардың қатысумен 200-ден астам жобаны белсенді пысықтауда, деп мәлімдеді Әсет Исекешев «Инвестицияларды сақтаудың институционалды тетіктерін жетілдіру. Инвестициялық даулар мен арбитраж туралы ҚР заңнамасының новеллалары» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында.
None
None

«Біз жаңа инвесторлармен жұмысты жалғастырудамыз. Қазіргі таңда ірі ұлттық компаниялар 25-тен астам жобаны белсенді пысықтауда, ал жалпы шағын және орта инвесторлардың қатысуымен 200-ден астам жоба, олар да біз үшін аса маңызды», - деді Ә.Исекешев.

Министрдің мәліметінше, соңғы жылдары Қазақстанға 30-дан астам трансұлттық компания (ТҰК) келді. Осы жылы 9 ТҰК қайта инвестицияланады.

«Біз үшін маңыздысы - ол қайта инвестициялау. Сол себепті біз инвесторлармен жұмыс жасаймыз. 8 трансұлттық компанияны осы жылы қайта инвестициялау жоспарланған. Олар «Italcementi», «Tikkutila», «Лакталис» және тағы басқа сынды компаниялар», - деді министр.

Сонымен қатар, министр өз сөзінде ЭЫДҰ стандартына сәйкес инвестициялық ахуалды жақсарту негізгі мәселе болатындығын айтып өтті, деп жазады primeminister.kz.

«2012 жылы ЭЫДҰ-да берілген 12 ұсыныстың барлығы дерлік атқарылды. Қазір біз ЭЫДҰ-мен екінші шолуды жасаудамыз және осы жылы оны аяқтауды жоспарлаудамыз. Біздің мақсатымыз - 2017 жылы ЭЫДҰ инвестициялары бойынша Комитетке ену», - деді ҚР ИДМ басшысы.

Министрдің айтуынша, әр министрлікте инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жете жоспар жасалған. Сонымен қатар, ол жұмыстың негізгі бағыттары визалық көші-қон режимін жақсарту, шетелдік жұмыс күшін әкелу, салықтық кедендік заңнамасы, жер алу, құрылыс салуға рұқсат және басқалары болып табылатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар