ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін сатып жрген алаяқтардан сақ болуға шақырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Интернет-желілерде жеке тұлғалардың мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (бұдан әрі - МТНБ) сатуы жөнінде хабарламалардың жиі орын алуына байланысты ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитеті мынаны хабарлайды, делінген ведомство таратқан баспасөз баянында.
Қолданыстағы заңнамаға байланысты көлік құралын мемлекеттік тіркеу және МТНБ беру тек ішкі істер органдарының құзыретіне кіреді.
«Жол жүрісі туралы» Заңның 1-бабының 37-тармағына сәйкес, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі - мемлекет меншігі болып табылатын және механикалық көлік құралына берілетін дербес әріптік-цифрлық белгіден тұратын және ұлттық стандарт талаптарына сәйкес жасалған өнім. Бұл ұғым «Транзит» нөмірлік белгілеріне де қолданылады.
Көлік құралының меншік құқығын жаңа иесіне беру кезінде МТНБ-ны қайырымдылық жолымен және қайта тапсыруға жатпайды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда жоғары сұраныстағы МТНБ-ның сатылуы жөнінде белгісіз тұлғалар интернет желілерінде түрлі жарнамалар жасап жүр.
Белгісіз тұлғалар, өз хабарландыруларында, көбінесе, қазіргі уақытта қолданысқа берілген және көлік құралдарының жаңа иелеріне қайта тағайындалуы мүмкін емес немесе мүлдем жоқ МТНБ-ны көрсетеді. Мысалы, Қазақстан Республикасында МТНБ дайындау барысында Q, I, G және J әріптері қолданылмайды.
Осылайша, мұндай іс-әрекеттерден онлайн алаяқтықтық белгілерін көруге болады.
Осыған орай, ІІМ ӘПК азаматтарды алаяқтардың мұндай іс-әрекеттерінен сақ болуға шақырады.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің хабарлауынша, комитет Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, МТНБ беру тәртібін қатаң бақылауға бағытталған іс-шаралар жүргізеді.