ҚР ІІМ Ақтауда асылып қалған матрос оқиғасын тексеруде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Ақтаудағы теңізші-сарбаздың өлімі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сот сараптамалары тағайындалды. Ең алдымен мәйітке сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Одан бөлек, өлімнен кейінгі сот-психиариялық сараптама бекітілген», - деп жауап берді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сұрағына.

Сонымен бірге, департамент басшысы әлімжеттіктің болған-болмағанын да тексеретінін айтты.

«Әлімжеттік бойынша әскери бөлімшеде жарғыдан тыс өзара қарым-қатынастарының болғанын тексеріп жатырмыз. Оны әскери қызметшілерден, марқұмның әріптестерінен және кеме басшылары мен бөлімше командирлерінен жауап алуда анықтаймыз», - деді С. Әділов.

Еске сала кетсек, ҚР Қорғаныс министрлігі Ақтаудағы кемелердің бірінен матрос өлі күйінде табылғанын растады. Алдын ала болжам бойынша, сарбаз 18 жаста болған. Ол жеке құрам гальюнында шалбар белбеуіне асулы күйінде табылды.


Фото: tumba.kz
Соңғы жаңалықтар