ҚР ІІМ автокөліктерді тіркеуде уақытша қиындықтар болатындығын ескертті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі  көлік құралдарын тіркеу қызметтерінің қолжетімді болмауы мүмкін екендігін ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ автокөліктерді тіркеуде уақытша қиындықтар болатындығын ескертті

«ҚР Ішкі істер министрлігі мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде оларды алу уақытын қысқарту бойынша халыққа қолайлы жағдай жасау жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты  Әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан алу бөлімшелері мен «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ филиалдарында көлік құралдарын тіркеу (қайта тіркеу) және жүргізуші куәлігін беру қызметтері жартылай қолжетімді болмауы мүмкін. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.