ҚР ІІМ басшысы журналистердің құқықтарын мүлтіксіз сақтау туралы нұсқау берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қалмұқанбет Қасымов журналистердің құқықтарын мүлтіксіз сақтау туралы нұсқау берді, деп хабарлады ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.
None
None

«Осы жылы 21 мамырда полицияға санкцияланбаған акцияларды ұйымдастырушылар мен оған белсенді қатысушылар жеткізілді. Өкінішке орай, олардың ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де болды. Кейіннен олар босатылды. ҚР Ішкі істер министрі құқықтық тәртіп бұзушылықтың жолын кесу кезіндегі жол берілген кемшіліктер бойынша мәжіліс өткізді де, өз кәсіби міндеттерін орындап жүрген журналистер құқықтарын мүлтіксіз сақтау туралы ІІД-ге нұсқау берді», - деп хабарлады А Сәдубаев.

Сонымен бірге, А. Сәдубаев барлық БАҚ өкілдеріне үндеу тастады.

«Журналистер алдымен көпшілік шараға азамат ретінде ме, әлде журналист ретінде бара жатыр ма, соны анықтау қажет. Бұл маңызды, себебі көпшілік шараға қатысушы журналист пен қатысушының құқықтары әртүрлі. Мысалы, журналист санкцияланбаған шараны да жариялауға құқылы. Ал митингіні ұйымдастырып және оған қатысатын болса, жазаланады. Жаппай акцияны жариялайтын журналистердің қызметтік куәлігі, бейджі, мүмкіндігінше, баспасөз өкілі екенін растайтын белгілері («Баспасөз», «БАҚ» жазбаларымен жилеттер, бас киім) болуы тиіс», - деп сөзін түйіндеді А. Сәдубаев.

Соңғы жаңалықтар