ҚР ІІМ Көліктегі ІІД Әз - Наурызды қарсы алды

Көліктегі ІІД мәжіліс залында «Қош келдің, Әз - Наурыз» атты әдеби-сазды, теартландырылған мерекелік іс-шара болып өтті.
Мереке барысында Көліктегі ІІД қызметкерлері ұлтымыздың салт-дәстүрлерінен көрініс көрсету бойынша топ-топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті. Оның ішінде, «Бесікке бөлеу», «Баланы қырқынан шығару», «Тұсау кесу», «Беташар», «Бата беру» сынды қазақ халқының тамаша салт-дәстүрлерін нақышына келтіре насихаттай білген ұжым жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, мерекелік шара шеңберінде ән мен күйден шашу шашылып, ұлттық-спорттық ойындар өткізілді. Көлік полицейлерінің ұйымдастыруымен мекеме ғимараты мерекеге сай безендіріліп, ұлттық тағамдарға толы қазақ дастарханынан келген қонақтарға дәм татқызылып, наурыз көже таратылды.
Берекелі де мерекелі осынау шараға Көліктегі ІІД ардагерлері қатысты.