ҚР ІІМ Көліктегі ІІД бастығы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көліктегі ІІД бастығы лауазымына полиция полковнигі Ақан Қажкенов тағайындалды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

ҚР ІІМ Көліктегі ІІД бастығы тағайындалды

Жаңа басшыны жеке құрамға Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов таныстырды.

Ақан Қажкенов1958 жылдың 6 қаңтарында дүниеге келген.

Ол 1979-1981жылдары КСРО ІІМ-нің Алматы қаласының арнайы орта милиция мектебін, 1991 жылы КСРО ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебін бітірген.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң бастығы қызметін атқарған.