ҚР ІІМ құрама командасының капитаны 15-ші Бүкіләлемдік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарының сайысында екі алтын еншіледі

АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Кеше, сейсенбі күні ҚР ІІМ құрама командасының капитаны Серік Нұрғалиев 15-ші Бүкіләлемдік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарында екі алтын медаль иеленді.

ҚР ІІМ құрама командасының капитаны 15-ші Бүкіләлемдік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарының сайысында екі алтын еншіледі

Бенчпресс (сығымдап көтеру) пен пушпуллифтинг (күштік қоссайыс) күш сайыстарында ол үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Еске сала кетсек, осыған дейін дзюдо сайысында 90 келі салмақта сынға түскен Шығыс Қазақстан облысы ІІД қызметкері Асхат Елубаев жеңіске жеткен болатын. Ақтық сында ол румыниялықпен белдесті.

Жарыстың алғашқы күндері 100 келіден артық салмақ дәрежесінде Астана ІІД-нен Талғат Қожабаев күміс жүлдені иеленсе, ОҚО ІІД-нен Асқар Жандаров қола жүлдегер атанды.