ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті колониялардағы туберкулезге қарсы ескі диспансерлерді жабуды көздеп отыр

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті стандарттарға сәйкес келмейтін колониялардағы туберкулезге қарсы диспансерлерді таратуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін халықаралық ұйымдармен жұмыс істеу жөніндегі елдік үйлестіру комитетінің мәжілісінде ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Азамат Базылбеков мәлім етті.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті колониялардағы туберкулезге қарсы ескі диспансерлерді жабуды көздеп отыр

«ҚАЖ-дың туберкулезге қарсы қызметін реформалау қарастырылып отыр. Яғни, стандарттарға сай келмейтін ескі емдеу мекемелерін жауып, туберкулезге қарсы жаңа мекемелерді құру көзделуде. 2014 жылы стандарттар мен техникалық жабдықтау бойынша бөлектеп ұстауға сәйкес келмейтін павлодарлық колонияны қысқарту бізде ескерілген. Алдағы уақытта оны жауып, талаптарға сай туберкулезге қарсы жаңа мекемені салу жоспарлануда»,-деп нақтылап өтті А. Базылбеков.