ҚР ІІМ қыркүйек айы бойы заңсыз сақтаудағы атыс қаруларды және жарылғыш заттарды сатып алады

АСТАНА. 14 тамыз. ҚазАқпарат - Еліміздің Ішкі істер министрлігі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу мақсатында 1-30 қыркүйек аралығында халықтан заңсыз сақтаудағы атыс қаруларын,

ҚР ІІМ қыркүйек айы бойы заңсыз сақтаудағы атыс қаруларды және жарылғыш заттарды сатып алады

оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясын өткізбек. Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Тіркелмеген атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатын болады. Қару-жарақ құралдарын өз еркімен тапсырған азаматтарға аталған құралдардың техникалық жағдайын ескере отырып, әрбір данасына 10-нан 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақша төленеді», - деді ол.

Ресми өкілдің атап өтуінше, бұл акция өткен жылы да өткізілген болатын. Оның қорытындысы бойынша азаматтар ерікті түрде 12 мың дана атыс қаруын, 267 мың оқ-дәрі, сондай-ақ 43 жарылыс құралы мен 28 келі жарылғыш зат тапсырған.