ҚР ІІМ қызметкерлеріне планшет пен смартфон ұстауға тыйым салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 сәуірден бастап, ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне жұмыста планшет пен смартфон пайдалануға тыйым салынады.

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлім етті.

«Шешім қабылданды. Ол ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесімен келісілді. Мемлекеттік қызметкерлерге жұмысқа планшет пен смартфон әкелулеріне тыйым салынады. Бұл норма бірқатар органдарда енгізіліп те үлгерді. Көбі 1 сәуірден бастап енгізуді жоспарлап отыр. Кейбірі 4 сәуірге деп межелеуде. Әрбір орган өздері шешеді. Ішкі тәртіп ережелері бар. ҚР Ішкі істер министрлігіне келетін болсақ, министрдің тапсырмасымен біз 1 сәуірден бастап, қызметкерлерге жұмысқа планшет пен смартфон әкелуге тыйым саламыз. Қазір басшылықтан бастап, барлық қызметкерлер интернетке қосылмайтын қарапайым телефон сатып алдық», - дейді И.Лепеха ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзі бойынша, аталмыш шешім министрліктегі ақпараттық қауіпсіздікті сақтауға мүмкіндік береді.

«Бірқатар маңызды құжаттар WhatsApp пен Facebook желілерінде «қыдырып» жүргенін көрдік. Сондықтан осындай шешім шығарылып отыр», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар
telegram