ҚР ІІМ: Мас күйде көлік жүргізушілер саны азаяр емес
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішімдік ішіп алып көлік басқару - қылмыс екені қанша жерден жазылып-айтылса да, арақ-шарапты көрсе, бәрін ұмытатындар азаяр емес. Бүгінгі таңда еліміздің Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметтер осыған дәлел болып отыр.
ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаевтың айтуынша, елімізде 10 сәуірде басталған «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы кезінде ішімдік ішіп көлік басқарған 434 адам анықталған.
Сондай-ақ, көлік жылдамдығын шамадан тыс арттыруға құмартып тұратындар да аз кездеспейді. Аталмыш шараға байланысты арнайы рейд өткізген сақшылар 2136 көлік жүргізушісін жылдамдықты шектен асырып жібергені үшін тоқтатты. Жай тоқтатып қойған жоқ, заң бойынша тиісті шаралар қабылдады.
«Бұған қоса, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен 112 жүргізуші жазаға тартылды»,-дейді Садубаев.