ҚР ІІМ насыбайды сатуға тыйым салмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ насыбайды сатуға тыйым салмайды.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау Комитетінің төрағасы Анатолий Выборов мәлімдеді.
«Насыбай есірткі затына жатпайды. Бұл темекі ұнтағы мен өзге қосындылардан жасалады», - деді А. Выборов.
Оның сөзіне қарағанда, сергітетін әсерін күшейту үшін оның құрамына кейде құстың саңғырығын қосатыны жайлы жастарды ескерткен жөн.
«Насыбай есірткі затына жатпайтынын тағы да қайталаймын. Сатуға тыйым салынатын тізімде бұл зат жоқ, сондықтан ол темекі өнімі ретінде саудаланады», - деп түйді А. Выборов.