ҚР ІІМ-нің Өскемендегі училищесінде адам құқықтары жөніндегі жаңа пән оқытылатын болады - ЕҚЫҰ жобасы

ӨСКЕМЕН. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде ҚР ІІМ училищесінің оқытушылары үшін Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі бюроның Шығыс Қазақстандағы филиал директоры Қуат Рахымбердиннің бастамасымен адам құқықтары жөніндегі тренинг өтті.
None
None

Полиция қызметкерлері үшін осындай алғашқы тренингті аша отырып Қ.Рахымбердин, «ҚР ішкі істер органдарының білім беру ұйымдарына адам құқықтары жөніндегі курсты енгізу» жобасы ЕҚЫҰ-ның қолдауымен енгізіліп, қазіргі таңда белсенді түрде жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті. «Біздің аймақ бойынша бес мыңнан астам полиция қызметкері жұмыс істейді. Қазіргі кезеңде адамдарға тек кәсіби пәндер бойынша ғана білім беріп қоймай, адам құқықтары жөніндегі мәселелерге де көңіл бөлген дұрыс», - дейді бюро директоры.

Тренинг қатысушыларының барлығы сертификатқа ие болды.

Адам құқықтары жөніндегі жаңа пән енді ҚР ІІМ-нің Өскемендегі училищесінде де оқытылатын болады.

Соңғы жаңалықтар