ҚР ІІМ полицейлерді қадағалау мақсатында бейнежетондар санын ұлғайтпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі полицейлерді қадағалау мақсатында қосымша 2,5 мың бейнежетон сатып алуды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.

ҚР ІІМ полицейлерді қадағалау мақсатында бейнежетондар санын ұлғайтпақ

«Бүгінгі таңда жол-патрульдік бөлімшеде 9 мыңға тарта бейнетіркеу құрылғылары бар, қосымша бізге 7,5 мың бейнежетон қажет. Жыл соңына дейін 2,5 мың бейнежетон сатып алу жоспарда бар», - деп атап өтті ол ҚР ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, мұндай құрылғылар полицейді ғана емес, оның алдында тұрған жүргізушіні де заңға бағынуға міндеттейді.
«Бейнерегситраторлар полицейдң бір күн ішінде жасаған істерін тіркеп отырады. Бейнерегистратордың мәліметтері өшірілмейді: полицей қайда жүргені, қай маршрутпен келе жатқаны, азаматтармен қалай тілдесті, өзін қалай ұстайды, осының барлығы тіркеледі», - деп атап өтті ҚР ІІМ басшысының орынбасары.
Министрліктің мәліметтері бойынша, осындай бейнетіркеу құрылғылары арқылы жыл басынан бері 17 мың құқық бұзушы жауапқа тартылды, 90 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.