ҚР ІІМ Таразда сотталушылардың қашуына қатысты түсініктеме берді
«Қылмыстық атқару заңнамасы аясында қоныс-коллонияда жаза өтеу жабық мекемелерге қарағанда біршама айырмашылығы болады. Қоныс-коллонияда жазасын өтеуші күндізгі уақытта елді мекендегі түрлі нысандарда жұмыс істеу құқығына ие және мекеме орналасқан жерге тек түнде қонуға ғана келеді. Сонымен қатар олар мекеме қызметкерлерінің қарауынсыз-ақ елді мекен аумағындағы сауда, оқу орындарына, медицина мекемелеріне баруға құқылы»,- делінген таратылған ақпаратта.
Ведомствоның атап өтуінше, мұнан бөлек, ондай сотталушыларға елдің кез келген өңіріне баруға мүмкіндік беретін жыл сайынғы еңбек демалысы да ұсынылады
«Дегенмен, олар 2016 жылдың қыркүйегінен, әртүрлі уақытта мекемеден тысқары аумақта еркін жүріп-тұру заңды құқықтарын пайдалана отырып, жұмыс нысанына бармай, бой тасалаған. Сотталушылардың бірі 2017 жылдың наурызында қысқа мерзімді демалыстан кейін қоныс-коллонияға келуі тиіс еді. Бірақ ол келмеді. Әрбір факті бойынша іздестіру ісі қозғалып, аталған тұлғаларды ұсту және жазасын өтеуден жалтарғандары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - деп түсіндіреді ҚАЖК-дан.