ҚР ІІМ ТЖК білім беру ұйымдары курсанттарының тамақтану нормалары бекітілді

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы
2015 жылғы 19 наурыз №255 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті білім беру ұйымдарының курсанттарын тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды бекіту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-27) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті білім беру ұйымдарының курсанттарын тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі нормалар бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңда белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ.ҚАСЫМОВ
Келісілді Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _________________ Б.Сұлтанов 2015 жылғы 20 наурыз
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №255 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті білім беру ұйымдарының курсанттарын тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі нормалар ресми БАҚ-та жарияланды.