ҚР ІІМ заңсыз аң аулап, ағаш кескендердің дүние-мүлкін тәркілемек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жыл басынан бері табиғатты қорғау заңнамасын бұзу бойынша 400 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. 

ҚР ІІМ заңсыз аң аулап, ағаш кескендердің дүние-мүлкін тәркілемек

Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл  және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев Фейсбуктегі өзінің парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жылдың басынан бері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың шамамен 3 мың дерегі анықталып, 400 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Шамамен 2 мың құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ақбөкенге браконьерліктің 6 факті бойынша 10 адам ұсталды», - деп жазды ол.

Оның атап өтуінше, Ішкі істер министрлігі табиғат заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мақсатында Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасаған.

«Атап айтқанда, заңсыз аңшылық жасалған қарулар тізімін кеңейту ұсынылады. Заңсыз аң аулау, сирек кездесетін аңдарды ұстау, ағаштарды кесу және жойғаны үшін мүлкін тәркілеу жазасын қарастыру», - деді Алмас Садубаев.