ҚР ІІМ жол қозғалысы ережесіне енгізілген өзгертулерді түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда оны айырбастау үшін емтихан тапсыру алынып тасталды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жол қозғалысын қамтамасыз ету саласын үйлестіру бөлімінің басшысы Нұрсейіт Әбішев мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне көлікті мас күйде басқарғаны үшін мүгедектерді көлiк құралдарын басқару құқығынан 3 жылға айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл мөлшері 5-тен бастап 3 айлық есептік көрсеткішке қысқартылды. Масаң күйін куәландырудан өтуден бас тартқан үшін жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі 2 жылдан 3 жылға дейін көбейтілді. Ішкі істер органдарының, әскери полицияның қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жолаушы көлік құралын тастап кеткен үшін жауапкершілік алынып тасталынды.

«Жол жүрісі туралы» Заңда түнгі уақытта, сағат 23-тен таңғы 06 сағатқа дейін қалааралық, ауданаралық қатынастарда автобустармен тұрақты емес тасымалдаулар арқылы жолаушыларды тасымалдауға тыйым салу алынып тасталынды. Әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда жүргізуші куәлігін айырбастау кезінде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыру жөніндегі міндеттілік жойылды», - деді Әбішев.

Сонымен қатар оның айтуынша, «Tm» санатындағы (трамвай) көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін жасы төмендетілді (25 жастан 21 жасқа дейін) және басқа көлік құралын басқару тәжірибесі бар болу қажеттігі туралы талап алынды.

«Заңның ережелері 2017 жылдың 15 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар