ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мемлекеттік қызметке шетелдегі қазақстандық мамандарды тартуды көздеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мемлекеттік қызметке шетелдегі жоғары білікті қазақстандық мамандарды тартуды көздеуде.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

Оның айтуынша, ондай қызметкерлерге министрлік кейбір секторларда жалақыны қайта қарауға да дайын.

«Адамдар мемлекеттік қызметке оңай келуі үшін 1 қыркүйектен бастап біздің бөлімшелер бос орындар туралы ақпаратты сайтқа алдын ала жариялап отыратын болады. Біз ой-қабілеті ерекше және білігі жоғары мамандардың мемлекеттік қызметке келуін қалаймыз. Шетелдегі шын мықты, ағылшын тілін еркін меңгерген біздің қандастарымызды осы жұмысқа тарту үшін кейбір салаларда жалақыны қайта қарауға да дайынбыз», - деп атап өтті министр.

Ә.Исекешевтің атап өткеніндей, бұл өз кезегінде мемлекеттік қызмет жұмысының сапасына оң әсер етпек.

«Бізге ағылшын тілін меңгерген, шет мемлекеттерде қызмет атқарған, ашық әрі тиімді жұмысқа дайын азаматтар өте қажет. Біздің министрлік кадрлардың келуіне әрдайым мүдделі болатын. Бізде шамамен 50 «Болашақ» түлегі бар, тағы 34-ін біз оқуға жібердік», - деп түйді ойын Ә.Исекешев.

Соңғы жаңалықтар