ҚР Иорданиядағы елшісі Б.Сәрсенбаев Ирак Күрдістанына сапармен барды

АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Иорданиядағы елшісі Б.Сәрсенбаев Ирак Күрдістанына сапармен барды.
None
None

Сапар барысында Б.Сәрсенбаев Ирак Күрдістанының аймақтық үкіметінің Сыртқы істер министрі Фалах Мұстафамен және Эрбил қаласында орналасқан ірі оқу орны саналатын Салахаддин университетінің ректоры Ахмед Деззимен кездесті, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметінен.

ИК Сыртқы істер министрімен болған кездесуде елші Қазақстан мен Ирак, соның ішінде Ирак Күрдістанымен арадағы қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен болашақ перспективаларын талқылай келе, Қазақстан мен Ирак арасындағы Үкіметаралық комиссиясы мен Іскерлік кеңесін құру ресми Эрбилдегі еліміздің мүдделерін алға жылжытуға ықпал ететініне тоқталды.

Ал, 26 мың студент білім алатын Салахаддин университетінің ректорымен болған кездесуде «Қазақстан-2050» стратегиясына, Жалпыға ортақ ядролық қарусыз әлем декларациясына және «G-Global» сияқты еліміздің бастамалары төңірегінде әңгіме қозғалды. Қазақстан туралы арнайы үлестірме материалдар таратылды.

Сондай-ақ, Елбасы Н.Назарбаевтың «Біздің миссиямыз - сынақтарды болдырмау» атты бүкіләлемдік қолдау тауып отырған бастамасын (АТОМ жобасы) Күрдістан халқына кеңінен насихаттау мақсатында аталған университеттің басшылығы мен студенттері үшін акция өткізілді. Сонымен бірге, Салахаддин университетінің ректоры А.Деззиге АӨІСШК-нің 20 жылдығына арналған мерейтойлық медаль салтанатты түрде тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар