12:33, 09 Ақпан 2011 | GMT +5
ҚР іс басындағы Президенті мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау үшін жалпы негізде емтихан тапсыруға қатысады-ОСК
АНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - Іс басындағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев оның кандидаттығы ҚР Президентінің лауазымына ұсынылған жағдайда елдің бірінші басшысы лауазымынан үміткер өзге де азаматтар секілді Орталық сайлау комиссиясына келіп, мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау үшін жалпы негізде емтихан тапсыруға қатысады.
Бұл туралы сәрсенбі күні ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос хабарлады.
"Ол - Президент, бірақ емтиханға басқалар секілді қатысады", - деп атап өтті В.Фоос. - Егер оны «Нұр Отан» партиясының съезінде ұсынатын болса, ол президенттіктен үміткер болып саналып, өзге үміткерлер секілді Орталық сайлау комиссиясына келеді. Лингвистикалық комиссияның отырысында емтихан өткізіліп, нәтижелері шығарылады. Осы нәтижелердің негізінде біз үміткердің қажетті талаптарға сәйкестігін анықтайтын боламыз».