ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымов журналистерді мерекесімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Байланыс және ақпарат күні қарсаңында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Қазақстанның ішкі істер органдары - бұл еліміздің көп функциялы және қатары көп құқық қорғау органдарының бірі. Полиция органдары азаматтармен тікелей қарым-қатынаста қызмет атқарады, автокөлік ресімдеу, рұқсат алу, көші-қон құжаттары және өзге де бірқатар мәселелер бойынша тікелей жұмыс істейді.

Біздің негізгі мақсатымыз - бұл барынша ашықтықты, жариялылықты, сондай-ақ біздің қызметіміздің тиімділігі мен кәсібилігін қамтамасыз ету.

Ал азаматтардың сенім деңгейі - біздің жұмысымыздың басты индикаторы. Алайда, БАҚ-пен толыққанды өзара іс-қимылсыз осы міндетті шешу мүмкін емес.

Мемлекеттік органдардың қызметі туралы халықты шынайы хабар етуде, халықтың құқықтық санасын арттыруда баспасөз ерекше рөл атқарады», атап өтті ішкі істер министрі.

Мереке қарсаңында министрді бұйрығымен құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі полицияның жұмысын белсенді жариялағаны, полиция қызметінің беделін арттыруға ықпал еткені үшін республикалық БАҚ-тың 33 журналисі марапатталды.

Салтанатты іс-шара барысында Қ. Қасымов журналистерге грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Сондай-ақ, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Марлан Жиенбай ҚР Ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың Алғыс хатымен марапатталды.

null  

  

Соңғы жаңалықтар