17:32, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
ҚР Ішкі істер министрі ҚР Президентіне министрліктің өткен жылғы жұмысы туралы баяндады
АСТАНА-АҚОРДА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановты қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Министр Президентке ведомствоның өткен жылғы жұмысы туралы баяндады, өткен жылы қарашада болған ҚР Қауіпсіздік кеңесінің отырысы барысында құқық қорғау органдарына Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың атқарылуы туралы хабардар етті. Атап айтқанда, қоғамдық тәртіпті нығайту және қылмысқа қарсы күресті күшейту туралы әңгіме болды.? Қабылданған шаралармен біз қылмысты айтарлықтай қысқарттық. Сонымен қатар, біз қазір мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстарды жүргізіп отырмыз. Олардың ішіндегі ең ірісі ? мектеп инспекторлары лауазымының енгізілуі болды. Мұғалімдер қазірдің өзінде олардың қызметтеріне оң баға беруде, ? деді Бауыржан Мұхамеджанов журналистерге арналған брифингте.