18:14, 01 Сәуір 2010 | GMT +5
ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақмола облыстық ішкі істер департаментінде жаңа тағайындаулар жасалды
КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақмола облысының бірқатар аудандық ішкі істер бөлімдерінің жаңа басшылары тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрдің бұйрығына сәйкес, Евгений Каппель - Еңбекшілдер, Жұмабек Әбілмажинов - Астрахан, Талғат Шектібаев - Сандықтау аудандық ішкі істер бөлімдерінің басшылары қызметіне тағайындалды. Осы бұйрық бойынша Жеңіс Кәрімов облыстық ішкі істер департаменті тергеу басқармасының бастығы, Жанатбек Ешімов Штаб басқармасының бастығы қызметтерін атқаратын болды.