ҚР Қаржы министрлігі жалған кәсіпкерліктің алдын алудың Картасын әзірлейді

АСТАНА. ҚазАқпара - ҚР Қаржы министрлігі жалған кәсіпкерліктің алдын алудың картасын әзірлейді. Бұл туралы бүгін Астанада халыққа есеп беру кездесуінде аталған ведомствоның басшысы Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
None
None

«Бүгінде ақпараттық жүйелердің дамуы барша экономика бойынша ақша ағымдарын талдауға жергілікті тексерулерден кетуге мүмкіндік беріп отыр. Өткен жылы 4 трлн. теңгеге жуық қаржының ағымына талдау жасалып, 75 млрд. теңге төленбеген салық көлемі анықталды. Осының барлығы тексеруге шықпастан жасалды»,-деді Б. Сұлтанов.

Биылғы жылы осындай талдау жұмыстарының ауқымы кеңейе түспек.

«Ағымдағы жылы Қаржы министрлігінде жалған кәсіпкерліктің алдын алудың Картасы әзірленеді. Яғни, бұл бағыттағы жұмыстар жалған кәсіпкерлік салдарымен күресуге, сондай-ақ әділ жұмыс істеп жатқан бизнесті қорғау үшін қажет»,-деді Б. Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар