ҚР қаржы министрлігінің басшылығы кеденшілердің алдына халықтың көңіл-күйін жақсарту міндеттерін қойды

Бұл туралы Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Келелі кездесудің басты мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласына арналған еді.
Елбасымыз Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам атты бағдарламасын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мен Парламент және «Нұр Отан» ХДП на қадап тапсырған болатын.
Мемлекет басшысы жыл сайынғы халыққа арналған жолдауларында қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталып, еліміздің оң бағыттарда жасампаздық дамуына көп көңіл бөліп келеді. Ал жоғарыдағы бағдарлама Ата Заңымыздың талаптарына сәйкес және жаһандық деңгейде болып жатқан өзгерістерді зерттей отырып дер шағында қабылданған.
Жиында сонымен қатар, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, әкімшілік тосқауылдардың алдын - алу және фискалды блогқа қатысты сұрақтар басты мәселелер қаралды.
«Мемлекетіміздің басты бағыты - халықтың әл - ауқатын арттыру, ел экономикасын көтеру мен тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамассыз ету» - деп, Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржова өз ойын ортаға салды.
Бүгінде алматылық кеденшілер Елбасының дәстүрлі Жолдауына арналған мазмұнды кездесуге жиі ат салысып тұрады. Атап айтсақ, Қаржы Министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаевтің басшылығымен өткізілген кездесу соның айғағы. Аталмыш кездесуде Кедендік комитеттің төрағасы кеден органдары қызметкерлерінің басты іс-қимылдар бағытының бірі - ол кедендік әкімшілікті жетілдіру мақсатында тұрғындар мен сыртқы экономикаға қатысушылардың кеден қызметіне деген сенімділігін арттыру, әкімшілік тосқауылдардың алдын алу, жеке құрам ішінде жемқорлыққа жол бермеу және еліміздің эконималық үрдісіндегі тауарайналым, транзиттік тауар экономикасын дамыту жолында қолжетімді шарттар қарастыру болып табылады.