17:54, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы АҚШ Орталық қолбасшылығының басшысымен кездесті
АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат – Бүгін Ақордада ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қ.Сүлейменов АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы генерал Д.Петреуспен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кездесуге Құрама Штаттардың Қазақстандағы Елшісі Р.Хоугланд қатысты.Келіссөздер барысында тараптар аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ еліміздің Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруды күшейтуге ықпалы мәселелерін талқылады.