ҚР Кедендік бақылау комитетінде шекарадан өту іс-шараларын жеңілдететін Жедел басқару орталығының тұсаукесері өтті

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - Қаңтардың 28-і күні ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінде АҚШ Ұлттық қауіпсіздік министрлігі Кедендік және шекара күзеті бюросының Халықаралық істер жөніндегі комиссарының орынбасары ІІ Чарльз Сталлворт пен АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ричард Хоугландтың қатысуымен Комитеттің Жедел басқару орталығының тұсаукесері өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, салтанатты рәсім сондай-ақ, ҚР Парламенті депутаттары, экономика және бюджеттік жоспарлау, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация министрліктері өкілдерінің қатысуымен өтті. ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозов Қазақстан Республикасының шекарасынан тауарлар мен көліктердің өтуін жеңілдету мен тездетудегі кедергілерді жою мақсатында жасалып жатқан кешенді іс-шаралар жөнінде баяндап беріп, аталмыш іс-шаралар шеңберінде құрылған «Жедел басқару орталығы» ақпараттық-бағдарламалық кешеннің жұмысымен таныстырды. Жедел басқару орталығы барлық бақылаушы органдардың жұмысын үйлестіруге, жолдама құжаттарды қолдану арқылы артық кедендік ресімдеулерді алып тастауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кедендік бақылаудан өту кезінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қаржылық шығындарын анағұрлым азайтатын болады.
Соңғы жаңалықтар