ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері 1 қаңтардан бастап 5 күндік жұмыс тәртібіне көшпек

АҚТАУ. 11 қараша. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы 5 күндік жұмыс тәртібіне көшпек.
None
None

Бұл туралы және басқа жаңалықтар туралы өткен жылдың қорытындыларын шығара келе, ҚР ҚК ӘТК Бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанұзақов мәлімдеді.

«Біз келісімшартпен жұмыс істеуге көшудеміз, сондай-ақ келесі жылдан бастап ҚР барлық Қарулы күштеріне әскери дайындықтың жаңа бағдарламасы енгізілуде. Резервті дайындауға көп көңіл бөлінуде. Әскери-теңіз күштерінің оқу орталықтары арқылы осы жылы біз Батыс Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан 350 әскери міндеттегілерді дайындадық.

Айлық жиын бұрын әскери борышын өтемеген, 28-29 жастан асқан азаматтар арасында өткізілді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар