ҚР ҚК Бас сержанты АҚШ-тағы сержанттардың алғашқы симпозиумына қатысты

Симпозиум өзара қарым-қатынасты күшейтуге және серіктес мемлекеттер арасында өзара іс-қимылдың тиімділігін жақсартуға бағытталды. «Өзінің елін мықты ететіндей етіп әрқайсысы және бізді қосқанда керегін алды деп үміттенемін», - деді АҚШ армиясы Орталық қолбасшылығының бас сержанты Ронни Киллей. Іс-шараға Египет, Иордания, Ливан, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері мен Өзбекстанның әскери қызметшілері қатысты. Әр елден қатысушылар сержанттар құрамының жүйесі бойынша ой-пікірлерімен бөлісті. «Қазақстанның қазіргі сержанттар құрамы корпусы 20 жыл бұрын негізін қалады. Осы уақыт ішінде оны дамыту үшін елеулі жұмыс жүргіздік. Өзге елдердің тәжірибесі негізінде алынған ақпаратты елге оралған соң Қарулы Күштерімізде қолдана аламыз», - дейді ҚР ҚК Бас сержанты - ҚР ҚК БШ Сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы шебер-сержант Темірбек Халықов.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сержанттары маусым айында өтетін «Дала қыраны-2015» көпұлтты оқу-жаттығу барысында өздерінің дағдыларын көрсететін болады.