ҚР ҚК екі офицері араға жыл салып, Батыс Сахарадан оралды (ФОТО)

Әскери қадағалаушыларға қойылатын талаптарды мінсіз және үлгілі орындағаны үшін бітімгершілік миссияны орындау барысында офицерлер БҰҰ-ның медальдарымен марапатталды, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі. Қазір үйлеріне оралып, капитан Темірлан Мүсәпіров пен майор Бақтияр Ақбалаев ҚР ҚК-дегі өздерінің қызметтеріне кірісіп те кетті. Қазіргі уақытта әскери бақылаушылар ретінде БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларында жеті қазақстандық сардар қызмет өткеріп жатқанын айта кеткен жөн. Атап айтсақ, бесеуі Батыс Сахарасында (MINURSO) және екеуі Кот-д Ивуарда (UNOCI). Жалпы алғанда, Қазақстан Батыс Сахарасындағы, Кот- д'Ивуардағы, Гаити мен Либериядағы БҰҰ-ның әрбір миссиясына бес офицерге дейін жолдауға әзір. БҰҰ-ның мандатына сәйкес әскери бақылаушылардың негізгі міндеттері жерүсті және әуеден патрульдеуді, түнгі бақылау бекетін ұйымдастыру мен өткізуден, алынған ақпаратты жинау және сараптаудан, қол қойылған келісімдердің сақталу және орындалу мониторингісінен, сондай-ақ жауапкершілік аймағында бұзушылықтарды айқындаудан тұрады.