ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің үздік бөлімшелері анықталды (ФОТО)

Апталық экспресс-тест қорытындысы бойынша 2015 жылы ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің үздік бөлімшелері айқындалды. Үздік танкті взвод 35748 әскери бөлімінің бөлімшесі, үздік минаатқыш батареясы 61993 әскери бөлімі, үздік мотоатқыш взводы 32039 әскери бөлімі, үздік десанттық-шабуылдау взводы 61993 әскери бөлімі, үздік инженерлік-саперлік взвод 61993 әскери бөлімі, Р-142 стансасының үздік есептобы ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері, атап айтқанда, 16194 әскери бөлімі мен 61993 әскери бөлімі атанды.
Осылайша, лайықты жауынгерлік даярлығын көрсеткен ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің үздік әскери бөлімі бөлім командирі подполковник Шайх-Хасан Жазықбаевтың басшылық ететін 61993 әскери бөлімі болды. Үздіктер арасында 35748 әскери бөлімі (бөлім командирі полковник Бекзат Жумин), 32039 әскери бөлімі (бөлім командирі майор Абай Әлібеков) және 16194 әскери бөлімі (бөлім командирі Тілек Әбдірахманов) де бар.
Экспресс-тест - ҚР ҚК Құрлық әскерлеріндегі жауынгерлік даярлықты тексерудің негізгі үлгілерінің бірі болып табылады. Бұл сайыс іс жүзінде бірлестіктердің, әскер тектерінің, әскери бөлімдердің қайсысы өткен жыл бойынша ең жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін көрсетті.
Одан басқа, анағұрлым ерекшеленген бөлімшелер мен жауынгерлер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысынан грамоталар, сыйлықтар мен жүлделер алатын болады, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.